$ 498.34  519.72  4.85

Астанада қылмысқа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде?

Полицейлер тұрғындарға қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Нәтижесінде 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 75-не қорғау нұсқамалары шығарылып, 13 жанжал шығарушыға тиісті шара қолданылды. 

Фото: Астана қаласы Полиция департаменті
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат, қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары, оның ішінде, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, діни экстремизм мен терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, браконьерлікке қарсы күрес қалай жүзеге асырылып келеді. Жалпы, елордада түрлі саладағы қылмыстарды анықтау, қылмыстың алдын алу мақсатында құзырлы органдар қандай істерді тындырды? Skifnews.kz ақпарат порталы  қысқаша шолу жасап көрді.

Алдымен адам саудасы бойынша қылмыстық деректерге сүйенсек, Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың айтуынша, былтыр небәрі 3 күнде-ақ адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыс әшкереленді.  Мәселен, адам саудасының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «STOP трафик» аясында 9-12 қыркүйек аралығында ауқымды іс-шараның 3 күні ішінде полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 50 қылмысты әшкереледі. Нәтижесінде адам саудасының құрбаны болған жәбірленушілерді полицейлер адам саудасының құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырып, қажетті көмек көрсеткен.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, елордалық сақшылар лаңкестікке қарсы осал нысандарды ұдайы тексеріп, бақылауда ұстайды. Мәселен, жыл басынан бері 40 нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою туралы 25 ұйғарым шығарылып, тексеру қорытындысы бойынша 6 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұқият тексерулердің нәтижесінде нысандарда лаңкестікке қарсы тиісті талаптарды сақтамаған мекеме басшыларпына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне күзет объектілерін терроризмге қарсы қорғау бойынша ҚР заңнамасын түсіндіріледі. Жиынға қатысушы құзырлы орган мамандарына діни сауаттылық деңгейін арттыру жөнінде ақпарат беріледі.

Таяуда Астанада есірткіге қарсы профилактикалық айлық басталды. Шараның мақсаты – қоғамға ескірткіге тәуелді болып қалуы мүмкін жасөспірімдерег дер кезінде көмектесу, қоғамның назарын нашақорлық проблемасына аудару. Айта кетейік, биыл елордада есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалаған екі тұрғын анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқыны да алда. Былтыр Астанада полицейлердің іс-әрекеттерінің нақты алгоритмінің нәтижесінде пара берген азаматтарға қатысты 16 сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгінге дейін 7 адам пара бергені үшін кінәлі деп танылды және сотталды.

Қала аумағында аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында  «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп келеді. Мысалы, полицейлер тұрғындарға қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Нәтижесінде 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 75-не қорғау нұсқамалары шығарылып, 13 жанжал шығарушыға тиісті шара қолданылды. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын агрессордан оқшаулау, оңалту үшін көмек көрсетілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары