31.05.2024, 14:00

«Астана – есірткісіз қала». Нашақорлыққа қарсы шараларға шолу

Фото: Polisia.kz

Елордада есірткі саудасы бары жасырын емес.

 

Астана - болашақ пен жастардың қаласы. Мұнда дамуға, алға қарай жылжуға мүмкіндіктер оразан зор. Алайда қолында тұрғанды қолданбай, түзу жолдан таятындардың саны өкінішке қарай азаймай тұр. Соның бірі нашақорлыққа үйірлік пен есірткі сатылымының тыйылмауы. Осы орайда еліміздің бас қаласында есірткіге қарсы бірнеше шара жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Елордада есірткі саудасы бары жасырын емес. Мәселен күні кеше Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рұқсат етілмеген затты садалау барысында құрықталды.

Тергеу кезінде 25 пен 27 жастағы екі адамның жоғарыдағы қылмыспен айналысқаны, оны қаржыландырғаны және өздерінде сақтағаны белгілі болды. Бұдан бөлек күдіктілерге қарсы бұлтартпас дәлелдер де табылды. Есірткі заттарынан басқа олардың қатарында магниттер мен таразылар, қапшықтар бар. Осылайша тәркіленген заттардың салмағы бір келіге дейін жетіп жығылды. Бұл Астана қаласында соңғы бір күнде тіркелген оқиға.

Осы жылдың басынан бастап есірткіге қарсы кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Астана – есірткісіз қала» атты жоба сөзімізге мысал. Акция аясында бүгінге дейін 10 шара өтті. Есірткі жарнамаларын жою, нашақорлықтың қаншалықты зиян екенін ұғындыру, түсіндіру жұмыстарына ел алдында жүрген танымал тұлғаларды тарту сынды нәтижелі істер атқарылды. Бұдан бөлек жылдың басында адам көп жиналатын орындарда «Тәуелділігіңді спортқа арна» атты акция өтті. Акцияның мақсаты жаман әдеттерден аулақ болып, өмір салтыңа пайдалы әрекеттерді кірістіру болды.

Сондай-ақ аталмыш жобаның аясында 1500 профилактикалық іс-шара өткізу, есірткі қылмыстары туралы жасырын арыздар мен психологиялық көмекке жүгіну үшін QR коды бар интерактивті ақпараттық стенд құру, елордадағы нашақорлық жағдайына социологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған.