Алғашқы он күн саяхат пен іскерлік байланыстар үшін ең қолайлы кез.
Маусым планеталардың үлкен шеруімен басталады, өйткені 3 маусымда Меркурий, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун бір қатарға тізіледі. Бұл адамдардың тағдырына үлкен әсер етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тоқты (21.03 – 19.04)
Тоқтылар осы айда бойынан үлкен күш-жігерді сезеді. Сәттілік бар, бірақ әлі де жұмыс істеу керек. Маусымда олар өмірінің барлық дерлік салалсында әртүрлі жаңа мүмкіндіктерге ие болады және берілген барлық мүмкіндіктерді сәтті пайдаланады.
Ұзақ уақыт шешілмеген мәселелерді баяғы әдістермен шешуге тырысуды доғарған жөн. Мақсатқа жетудің жаңа жолын, түбегейлі жаңа нәрсені ойлап табудың немесе жақын адамдардан кеңес алудың уақыты келді.
Айдың ортасында маңызды сатып алулар және жинақтар күтеді. Сондай-ақ қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыс істеуге тура келеді. Маусымның ортасында нашар адам кезігуі мүмкін, бірақ нымен сөзге келудің қажеті жоқ.
Торпақ (20.04 – 20.05)
Маусымның басында Торпақтар өмірге шынайырақ қарай бастайды. Бірақ кей армандарыңыз бен үміттеріңіздің күл-талқаны шығады. Бірақ уайымдамаңыз. Мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды қайта реттеңіз.
Айдың ортасында Торпақтарды сәттілік күтіп тұр. Ең бастысы – өміріңізде нені өзгерткіңіз келетінін түсініп, мойындау. 14 маусымнан кейін жаңа мүмкіндіктер көп болады. Осы кезеңде сізге жаңа бизнес ұсыныстар түссе, оларды қабылдап, қызмет саласын батыл өзгертіңіз.
Айдың соңында күшіңіз сыналуы мүмкін. Жағдаймен емес, өзіңізбен күресуге тура келеді. Маңызды таңдау жасау керек. Сіз үшін қайсысы қолайлы екенін өзіңіз шешіңіз. Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануға назар аударуды ұмытпаңыз.
Егіздер (21.05 – 21.06)
Маусымда Егіздер үшін күтпеген жайттар пайда болады, сондықта қызбалыққа салынып, ашушаң болуы мүмкін. Жанжал тек жақын адамдармен емес, бейтаныс адамдармен де орнауы мүмкін. Кикілжіңді ушықтырмас үшін спорт, жекпе-жек өнері, пейнтбол немесе бимен айналысқан жөн. Теріс энергиядан барынша құтылыңыз. Басқалардың кеңесіне құлақ аспаңыз, барлық жауапты өзіңізден іздеңіз.
Айдың алғашқы он күнінде Егіздер өзгерісті қалауы мүмкін. Дегенмен осы уақыт аралығында жаңа қызмет салаларына асығуға немесе жұмысты ауыстыруға кеңес берілмейді. Бұрынғы жұмысыңызда бәрі жақсы болады, мансаптық өсу мен қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізесіз.
Айдың соңында сәтті романтикалық қарым-қатынастар болуы мүмкін.
Шаян (22.06 — 22.07)
Шаяндар үшін маусым – қызықты және түрлі оқиғаларға толы ай. Алғашқы он күн саяхат пен іскерлік байланыстар үшін ең қолайлы кез, ал маусымның соңында отбасыңызға уақыт бөлуіңіз керек, дұрысы, олармен бірге табиғат аясына шығып, демалыңыз.
Жаздың бірінші айы сізге атақ пен бедел, танымалдық және қаржылық әл-ауқат әкеледі. Ең бастысы – тоқтамаңыз. Белсенді болуды жалғастырыңыз және өзіңізге тым сенімді болмауға тырысыңыз, мүмкіндігінше сақ болған жөн.
Арыстан (23.07 — 23.08)
Маусым Арыстан үшін позитивті және тыныштық сыйлайтын кезең болады. Проблемалық жағдайлар анда-санда пайда болады, бірақ өте ауыр емес. Жаздың басында күш-жігерін сезеді. Сезім мен эмоциялы нәзік болуы мүмкін. Кез келген арманыңызды орындай аласыз, бірақ әр арманыңызды саралап, салдарын да ескерген жөн.
Айдың бірінші жартысында басшылық тарапынан маңызды жоба ұсынылуы мүмкін. Бұл жерде өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалап, мұқият ойлану маңызды.
Маусымның екінші жартысы қаржылық жағдайыңызды тұрақтандыруға және нығайтуға тамаша мүмкіндік береді, бірақ негізгі жұмысыңызға мүлдем қатысы жоқ нәрселерге араласудан аулақ болуға тырысыңыз.
Айдың үшінші онкүндігі айтарлықтай тұрақты болады.
Бикеш (24.08 — 23.09)
Бикештер үшін маусым ең жақсы кезеңдердің бірі болады. Бірақ өміріңізге әсер ететін маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді. Мүмкін үйдің жөндеуіне немесе ұзақ уақыт жоспарланған басқа да шаруашылық істеріне көп ақша жұмсау керек. Сонымен бірге туыстармен дау туындауы мүмкін, артық кетпес үшін байсалды және әдепті болыңыз.
Айдың ортасында жұлдыздар кәсіби қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге кеңес береді. Жұмыста бұрын мән бермеген жаңа тақырыптарды ашуға тура келеді. Егер сіз жағдайға толық назар аударсаңыз, өте әсерлі перспективалар ашылады.
Таразы (24.09 — 23.10)
Маусымда Таразылар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өзімшіл адамның кесірінен сізге жауапкершілік артылмақ. Бұл жағдай жоспарларды бұзып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Маусым айының басында кішігірім тілектер орындалады. Айдың ортасында көптен бері ойлап жүрген идеяға қосымша қаржылық салымдар қажет болады. Ал 20 маусымнан кейін барлық күмәнді жағдайларды өз пайдаңызға бұра аласыз. Теңізге саяхат қолайлы болады, бұл сіздің физикалық немесе психологиялық жағдайыңызға оң әсер етеді. Маусымда көп су ішіңіз.
Сарышаян (24.10 – 22.11)
Маусымда Сарышаяндар өздеріне қойылатын талаптарды жоғарылатып, күрделі, жету қиын мақсаттар қояды. Бірақ маусым бұл үшін ең қолайлы уақыт емес дейді. Энергияңызды қиял-ғажайып жобаларға емес, нақты және қол жеткізуге болатын нәрселерге бағыттаңыз.
Маусымның ортасы Сарышаяндар үшін ең қиын кезең болуы мүмкін, байқамай қомақты ақшадан айырылып қалуыңыз немесе жақын адамыңызбен жанжалдасуыңыз мүмкін.
Айдың соңына қарай жағдай жақсарады, бизнеске, қаржыға және саудаға қатысты барлық жағынан сәттілікке ие боласыз. Үлкен сатып алулар сізді қуантады.
Қазір 1-2 күндік демалыс немесе саяхат керек.
Мерген (23.11 – 21.12)
Жаздың басында Мерген демалып, әдеттегіден де арманшыл болады. Бірақ бәрі өздігінен болмайды. Ең болмағанда баяу, дұрыс бағытта әрекеттеніңіз, сонда мақсаттарыңызға жету мүмкіндігі артады.
Маусымда кәсіби салада басшылардың сыны, соның ішінде жұмыстан босатуға әкелетін жағдайлардың болу ықтималдығы жоғары. Іскерлік серіктестерге, әсіресе ұзақ уақыт байланыста болғандарға ерекше назар аудару керек.
Сондай-ақ маусымда жақын адамыңызға қатты ашылмаңыз, оның арты жаман болуы мүмкін. Маусымда Мергенге сүйіктісімен және жақын адамдарымен демалу ұсынылады.
Тауешкі (22.12 – 20.01)
Тауешкінің өзіне немесе жеке қарым-қатынасына көңіл бөлетін ай болмақ. Айдың бірінші жартысы өте тұрақты болмаса да, мотивация мен мүмкіндіктер жеткілікті. Өз сезімдеріңізді тыңдаңыз. Ешқайда асықпаған жөн. Кәсіпкер Тауешкілер шығындарды азайтуы керек. Бұл кезең қаржымен терең жұмыс істеуге және перспективаларды талдауға қолайлы. Егер жалдамалы қызметкер болсаңыз, сізге тікелей қатысы жоқ мәселелермен өзіңізді алаңдатпаңыз.
Айдың ортасында таңдау алдында тұрасыз. Бастысы әділетсіздікке шыдамау керек. Маусымның соңы айдың ең қарбалас кезеңі болады. Болашақ үшін жұмыс істеңіз
Суқұйғыш (21.01 – 19.02)
Суқұйғыштар үшін маусым кәсіби қызмет тұрғысынан сәтті болады. Бірақ сізге серіктестермен және әріптестермен байланыс орнату қажет. Қосымша ақпаратты пайдаланған кезде күтпеген перспективаларды көруіңіз мүмкін. Жаңа таныстық болуы мүмкін.
Маусымның ортасында шектен тыс жомарттық пен ысырапшылдыққа баруыңыз мүмкін. Сіз өзіңіздің іскерлік қабілеттеріңізді асыра бағалауыңыз мүмкін. Көп уәде бермеңіз. Барлық маңызды тапсырмаларды 12-ге дейін орындаңыз. Қалған уақытта өзіңізге ешқандай маңызды мақсаттар қоймағаныңыз жөн, сіз жаңа жобаларды қолға алмауыңыз керек.
Айдың соңында өзіңізге біраз уақыт бөліңіз, массаж салонына барып, саябақта жүру, велосипедпен серуендеу немесе круиз керек. Диета ұстаңыз.
Балықтар (20.02 – 20.03)
Маусымда Балықтарға жақын адамдарының қолдауын сезіну бақыты бұйырады. Балықтардың бәрі сәттілікке ие болады. Ең үлкен мақсатты да осы айда жүзеге асыруға болады. Маусымда бұрыннан келе жатқан көптеген мәселелерден арылып, қарым-қатынасты жақсарта аласыз немесе жаңа махаббат табасыз. Табысыңыз осы айда артпайды, бірақ қаржылық тұрақтылыққа апаратын жолды көре аласыз.
Маусымның ортасында көптен армандаған лауазымға қол жеткізеді. Кәсіпкер Балықтар кәсіпорнын кеңейте алады.