Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізгеннен кейін алты жыл үзіліс алған еді.
Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) үндістандық қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде Балауса мансабындағы төртінші жекпе-жегін өткізген болатын.
Ол Үндістаннан келген Моника Стнгхты (5-1, 3 КО) небәрі 40 секундта ұрып құлатып, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Жекпе-жек сегіз раундқа созылады деп күтілді, бірақ ол алғашқы 3 минутта аяқталды. Көкірек тұстан тиген ауыр соққыдан отырып қалған Сингх төреші санап біткенше орнынан тұра алған жоқ.
Осылайша, Балауса Мұздыман төрт жекпе-жектің төртеуін де жеңді, оның үшеуінде нокаутпен аяқтады.
Еске салайық, Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізгеннен кейін алты жыл үзіліс алған. Былтыр ол Алматыда өткен бокс кешінде египеттік боксшыны техникалық нокаутпен жеңіп, рингке оралғанын мәлімдеді.