Құтқаруға тырысқан азаматқа 50 мың теңге ақшалай сыйлық берді.
Әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуі ұрып жүрген әйелдің халықтан көмек сұраған эксперимент-видоесы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоны кәсіпкерлер Алмасбек Батыров пен Жәнібек Мамыржановтар жариялаған.
5 сағат жүргізілген эксперимент нәтижесінде тек бір ер азамат қана әйелді құтқаруға көмектесіп, әрекет жасаған.
Идея авторлары құтқаруға тырысқан Диас есімді азаматқа өз атынан 50 мың теңге ақшалай сыйлық берді.
Артынша Алмасбек Батыров дәл осы экспериментті тағы да қайталаған видео түсіріп, жариялады. Бірақ бұл жолы қаракөз қарындастың жанайқайы шынайы шықты ма, біраз кісі әйелге көмектесуге тырысады. Көмектесуге тырысқан көптің ішінен ер адамды құшақтап алып, алға жібермей ұстап тұрған жігітке эксперимент авторлары 50 000 теңге сый жасайды. Сондай-ақ видео авторлары оның анасымен деп өзін таныстырған сатушы әйелге де ақшалай сый тарту етеді.
Осы екінші видеоның астына жазылған бір оқырманның пікірі назар аудартады. Онда ол күні кеше ғана дәл осылай көшеде жан ұшыра көмек сұраған қызға ешкімнің көмектесуге тырыспағанын атап өтеді.
Кеше ғана дәл сондай оқиға болған. Толе би-Момышұлы көшесінде, бірақ соц.эксперимент, практикалық емес, өкінішке орай.
Ер адам жұлқылап, басынан төмпештеп ұрып, сүріп бара жатыр бір келіншекті, ол байғұс жан дауысы шығып көмектесіңдер деп айқайлап жатыр. Өтіп жатқан адам көп, еркегі де, әйелі де, сағат кешкі 9-да болған оқиға.
Бірақ бізден басқа бір де бір адам көмектескен жоқ. Мен жолдасыммен кешкі серуенге шыққан болатынмын. Әйелдің айғалаған дауысын естіген кезде жүгірдік, жолдасым екеуміз. Мен айқайға салдым , жібер дегенде жібер деп, полиция шақырам, жолдасым да дауысын шығарып қасына барды.
Сонда дардай еркектер өтіп, қызық көріп соткаларына түсіріп тұр ғой . Сөздің қысқасы Тараздан келген қыз екен, еркек досы екен, араққа сылқия тойып алып, сүріп не ойы болғаны айдан анық. Қызды таксиге отырғызып, туысқанына жібердік жолдасым екеуміз, - делінген пікірде.
Оқиға Алматы қаласында болғанға ұқсайды.