Жоспары – басқа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу алу.
Аралас жекпе-жектен UFC 302 турнирінде ресейлік Ислам Махачев чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қанды жекпе-жек Ньюарк қаласында (АҚШ) өтті. Басты сайыста ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы (70 келіге дейін) ресейлік Ислам Махачев америкалық Дастин Порьеден өз чемпиондық атағын қорғау үшін барын салды.
Бастапқыда 3 раундпен шектеледі деп күткен жекпе-жек бес раундқа созылып, соңғысында Махачевтің тұншықтырып жеңуімен аяқталды. Осылайша Ислам жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді қатарынан үшінші рет қорғады.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Махачев флеш-сұхбат барысында сегізбұрышта өзінің жоспары басқа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу алу екенін айтты.
Бұл менің арманым. Мен екінші белбеу үшін күрескім келеді. Жартылай орта салмақ. Иә, бұл менің арманым, - деді Махачев жекпе-жектен кейін.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы - Леон Эдвардс. Дивизиондағы үшінші нөмір – жеңілмеген қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов.
Ал 32 жастағы Махачев бүгінгі күнге дейін 26 жеңіс пен бір жеңілісті басынан өткерді.