$ 494.87  520.65  4.91

«Пышақпен қорқытып, жұдырық ала жүгірген»: Астанада тағы бір жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды

Ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жапқан. Кейін іште оны пышақпен қорқытқан.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Астанада шақырту орнына келген фельдшерге пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Оқиға өткен түнде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде, ер адам масаң күйде болып, медицина қызметкерлерін балағаттаған. Пышақты алып қорқытып, бөлмені жауып, фельдшерге жұдырығын алып жүгірген.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жапқан. Кейін іште оны пышақпен қорқытқан.

Медицина қызметкерлері 102 шақырған. Полицейлер агрессорды дереу ұстап, полиция басқармасына жеткізген. Пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы тұрғын мас күйінде болған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары