$ 480.55  533.75  5.36

Денсаулық сақтау министрлігінде жыл сайын 33 млрд теңге ұрланып келген – Олжас Әбіш

Дүние жүзі бойынша қолданылатын медициналық көмек көрсету Декларациясы Қазақстанда дайындалып, қабылданған. 

«QASQA JOL» ютуб бағдарламасының бұл аптадағы қонағы – экс вице-министр Олжас Әбіш еліміздегі денсаулық саласының мәселелері жайында ой толғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олжас Әбіштің айтуынша қазіргі таңда дүниежүзі бойынша қолданылатын медициналық көмек көрсету Декларациясы Қазақстанда дайындалып, қабылданған. Ол декларацияның алғашқы нұсқасын дайындаған марқұм Төрегелді Шарманов.

Төрегелді Шарманның бұл дүниеден қайтқаны тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзі бойынша орны толмайтын жағдай. Себебі, 1978 жылы Қазақстан Кеңестік Одақтың құрамында болған кездің өзінде Төрегенлді Шарманов БҰҰ-ның барлық мүшелерін Алматыға шақырып, үлкен халықаралық конференция өткізген еді. Сол кісінің инициативасы бойынша, Д.Қонаевтың қолдауымен конференция  Алматыда өтті. Ол кісі Қазақстанда арнайы алғашқы медициналық санитарлық көмектің моделін енгізіп, сол конференцияда паш еткен кісілердің бірі. Сол конференциядан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымында мүше болған елдер «осы модель дұрыс екен, осы модельді өз елімізде енгіземіз» деп Алматы Декларациясына қол қойды. Ойланып көріңіз қандай масштаб.

1978 жылдан 2018 жылға дейін осы Алматы Декларациясы жұмыс істеді, қазір бүкіл ұлтаралық, Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының кітапханасында тұр. Ал 2018 жылы Алматы Декларациясы Астана Декларациясына өзгерді. Себебі, 40 жылда көптеген өзгерістер болды, цифрлы технологиялар пайда болды, медициналық технологиялар қазір дамып келе жатыр. Соған байланысты БҰҰ осы Алматы Декларациясын жаңарту керек деп ұсыныс жасады. Сол 2018 жылы Денсаулық министрі болған Біртанов мырза Астана Декларациясына жаңаадан қол қойғызды. БҰҰ елдерінің Президенттері, Денсаулық сақтау министрлері келіп, осы Астана декларациясының жаңартылған версиясын енді мойындаймыз деп, қол қойды. Бүкіл дүниежүзі бойынша қазір медициналық көмек көрсету үшін  екі Декларация бар. Алматы Декларациясы – 1978 жылы қол қойылған, ал екіншісі Астана Декларациясы – 2018 жылы қол қойылған. Екі кітап та қазір БҰҰ кітапханасында тұр. Онда қалай медициналық қызметті халыққа көрсету керектігінің инструкциясы бар. Оны жасаған Қазақстан, - деді Олжас Әбіш.

Одан әрі Олжас Әбіш  2018-20 жж аралағында Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр қызметіндегі тәжірибесіне тоқталып,  денсаулық сақтау саласының кейбір мәселелерінің бетін ашты.

Сол кезде біз қаражаттың дұрыс пайдаланылмауы, алынған дәрілердің адамдарға дейін жетпеуі, қағаз бетінде барлығы ақша алынған, игерілген, ал азаматтарға ол жетпеген. Сонда осы проблемаларды біз 2018-20 жылдары цифровизация арқылы шешкен болатынбыз.  Сол кезде мысалы, цифровизация арқылы біз тегін дәріге бөлінетін 120 млрд теңгенің 33 млрдын қайтарып бердік. Яғни, алдыңғы жылдары сол 33 млрд игеріліп келген, ал  1 жыл ішінде игерілмей қалды. Яғни ол ақшалар ұрланып келе жатқан деген нәтижеге келдік біз. Сол 33 млрд 120 млрдтың  үштен бірі.

 Яғни үштен бірі жыл сайын ұрланып келе жатқан ақша. Ал 33 млрд 2018-2019 жылдары айналып келгенде 100 млн доллар. Жыл сайын 100 млн доллар тек қана тегін дәрі-дәрмектен ұрланып келе жатқан, - деді экс вице-министр.

Сұхбаттың толық нұсқасын "QASQA JOL" ютуб арнасынан көре аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары