$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында 5 млн ұрлаған әкімдіктің бұрынғы бухгалтері сотталды

Бұрынғы бухгалтер кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді», - делінген хабарламада.

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары