$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды

2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маусым айының басында елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әсіресе, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңіріне қатысты, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Метеорологтар атап өткендей, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады.

Сондай-ақ Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілетіні айтылған:

  • республиканың батысында +30+39 °C дейін,
  • солтүстік-батыста +25+35 °С дейін,
  • солтүстікте +23+30 °С,
  • Республиканың орталығында және шығысында +25+33 °C дейін,
  • оңтүстігінде +35+40 °С дейін,
  • оңтүстік-шығыста +28+35 °C дейін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары