04.06.2024, 08:30

Елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды

Фото: Pixabay

2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Маусым айының басында елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әсіресе, бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңіріне қатысты, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

2024 жылғы 4-6 маусымға арналған болжамға сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Метеорологтар атап өткендей, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді желмен бірге найзағай ойнап, жаңбыр жауатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады.

Сондай-ақ Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілетіні айтылған:

республиканың батысында +30+39 °C дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С дейін, солтүстікте +23+30 °С, Республиканың орталығында және шығысында +25+33 °C дейін, оңтүстігінде +35+40 °С дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 °C дейін.