Ал Қайрат жеті қабат жер астына жоғалсам да бәрібір тауып алатынын айтты.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов сотта өзіне көрсетілген қысым туралы жеткізді. Айтуынша Сатыбалды мен оның серіктері заңсыз ұстап, өзіне физикалық қысым жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл оқиға 2019 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін жалғасқан, деп жазады Stan.kz.
Бірде мені Қайрат Сатыбалды — Kaisar Plazaға (Алматыдағы бизнес-орталық) шақырды. Мұнда мен оның не айтатын ойламадым. Маған не істейтініне көбірек алаңдадым. Бұған дейін Гүлмира “бұл біздің соңғы кездесуіміз болуы мүмкін” деп ескерткен еді. Ал Қайрат жеті қабат жер астына жоғалсам да бәрібір тауып алатынын айтты, - деді Абай Жүнісов.
Сондай-ақ Абай Жүнісов "Қазақтелекомға" тиесілі жабдық арқылы өтірік детекторынан өтуге мәжбүр болған. Сатыбалдының жұбайы, сол арқылы шетелдегі активтер мен мүлік туралы ақпарат білуге тырысқан.
Еске салсақ, Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартқан еді.