Алматы қаласы полиция департаментіне сұрау салынды.
Алматыда қоғамдық көліктің бірінде жөргек кигізген қозыны жетектеп жүрген жолаушы көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Алматы – мәдени астана», «Жөргек 4-ші өлшем бе, 5-ші ме», «Қазір жетектеп жүр, Құрбан айтта көреміз», «Союға қимай жүрген шығар», «Неге жүрмеске, қозы да үй жануары», «Бастысы жөргек кигізілген ! Тазалық – денсаулық кепілі!», - деген сынды пікірлер жазып, желі қолданушылары бір шулап қалды.
Azattyq-ruhy.kz сайтының жазуынша, бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаментіне сұрау салынды.