03.06.2024, 17:00

«Қазір жетектеп жүр, Құрбан айтта көреміз»: Алматыда жөргек киген қозы автобусты кезіп жүр

Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласы полиция департаментіне сұрау салынды.

Алматыда қоғамдық көліктің бірінде жөргек кигізген қозыны жетектеп жүрген жолаушы көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматы – мәдени астана», «Жөргек 4-ші өлшем бе, 5-ші ме», «Қазір жетектеп жүр, Құрбан айтта көреміз», «Союға қимай жүрген шығар», «Неге жүрмеске, қозы да үй жануары», «Бастысы жөргек кигізілген ! Тазалық – денсаулық кепілі!»,  -  деген сынды пікірлер жазып, желі қолданушылары бір шулап қалды.

Azattyq-ruhy.kz  сайтының жазуынша, бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаментіне сұрау салынды.