$ 479.38  531.63  5.27

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

Қазақ футболындағы жаңа кезең.

Фото: hungarytoday.hu
Фото: hungarytoday.hu

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Станислав Черчесов бұған дейін Ресей құрамасын басқарған, оған дейін ол Польшаның «Легия», Мәскеу «Динамосы», «Амкар», «Терек» (қазіргі «Ахмат»), «Сочи Жемчужина» және «Спартак» командаларында жұмыс істеген.

Футбол федерациясының президенті Адлет Барменқұлов «Станислав Черчесовпен келісімге қол қою – қазақ футболындағы жаңа кезең» деп тұжырымдады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті 

 Футболдан Ұлттық құрама бапкерлігіне үміткерлер белгілі болды

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары