Туысы әжеме хабарласып, «Карина арызын қайтарып алсын» деген.
«Дипломат күйеуім 10 жыл бойы қорлық көрсетіп келеді» деген Карина Мамаш әлеуметтік желіде тағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, әжесіне дипломаттың туысы хабарласып, «Карина арызын қайтарып алсын» деген. Тіпті қоқан-лоққы көрсеткен.
«Бүгін әжеме Гүлнар апа хабарласты. Ол Сәкенді 3 жасынан бастап тәрбиелеген ең үлкен келін. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтып алсын деген. Олай болмаған жағдайда Сәкеннің Астана мен Қазақстан бойынша таныстары бар. Олар Каринаны өлтіреді немесе мертіктіреді деп қорқытқан. Менің әжемнің аяғы жұмыс істемейді. Қазір оның туған немересінің басынан өтіп жатқан соңғы оқиғалар оның жағдайына кері әсер етуде. Олар үнемі оған жаза береді. Бастапқыда кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр», - деді Карина Мамаш видеоүндеуінде.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ұлымды емдетуге 30 мың доллар қажет»: Дипломат күйеуінен таяқ жеген Карина Мамаш алғаш рет сұхбат берді
«Сені тек о дүниеге жіберемін»: Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел не үшін кетіп қалмағанын айтты