$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдары бұғатталады

Қазақстанда қаржылық алаяқтықпен күресу үшін кейбір ақша аударымдарын бұғаттайтын алаяқтыққа қарсы орталық ашылады.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Елімізде шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдарына тыйым салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтыққа қарсы орталық технологиялық алаң болмақ. Оған қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылады.

"Платформада нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында жалған транзакциялар, оның ішінде тиісті белгілері бар күдікті транзакциялар туралы деректер алмасылып отырады", – делінген хабарламада. 

Алаяқтыққа қарсы орталықтың міндеті азаматтардың ақшалай қаражатын жалған транзакциялардан қорғау, алаяқтық операциялар дер кезінде анықтау және бұғаттау.

Орталық 22 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары