Федерацияға бірлесіп сұрақ қояйық, қалай, қандай шартпен тағайындағаны.
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған ресейлік Станислав Черчесовтің айлығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Футболдан Ұлттық құраманың су жаңа бас бапкері айына 44 млн теңге алатыны рас па
«Қазіргі заң бойынша әрбір федерация өз қалауы бойынша бас жаттықтырушыға өз ұсынысын береді. М.Адиев жұмыстан босағаннан кейін федерация өз ұсыныс жіберді бізге. Біз қарастырып, ол ұсыныспен келістік. Бірақ оның еңбекақы мен басқа да мәселелерді федерация өз тарапынан шешеді», - деді вице-министр.
Серік Жарасбаев БАҚ-тағы С.Черчесовтің айлығы туралы ақпаратты растай да, теріске шығара да алмайтынын айтады.
«Себебі оны футбол федерациясы арқылы ресми түрде сұрау керек. Федерацияға бірлесіп сұрақ қояйық, қалай, қандай шартпен тағайындағаны. Заң бойынша әрбір адамның жалақысы құпия. Оның бәрі келісімшарттың ішінде жазылады. Сондықтан сұрақты федерация арқылы қою керек деп ойлаймын. Егер бюджеттен төленіп жатса, халықты оны білуге құқығы бар. Ал федерация тарапынан жеке меншік ретінде төленіп жатса, заңды түрде қарастыру керек», - деді Туризм және спорт вице-министрі.