05.06.2024, 12:20

«Тастау түгілі, бетін ашық қалдырмаған»: Елордада қоқыста жатқан бесік көпті күңірентті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Қайран үйдің төрінен орын бұйырмағаны өкінішті.

Әлеуметтік желіде тараған қоқыста жатқан бесіктің ввидеосы көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны qazplov1 есімді желі қолданушысы өз парақшасында жариялаған. Бейнежазбаның астында 3000-нан астам пікір жазылған.

Бұрын әлеуметтік желіден осындай видеоларды көрсем, сенбейтін едім. Өкінішке қарай, қазақтың бесігі қоқыста жатыр. Бесікті бұлай тастап кете алмаймын. Үйімнің шатыры бар, соған апарып қояйыншы. Бұлай қоқыста жатпасыншы. Керек адамға берермін. Біздің тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғой мұны істеп отырған, – дейді видео авторы.

"Қайран үйдің төрінен орын бұйырмағаны өкінішті", "Қаладағы шала мәңгүрт қазақтың істегені болса керек", "Бесік киелі зат", "Өте орынды, бақытты бол, бесік киелі", "Дұрыс істедіңіз", "Керемет, жарайсыз", "Тастап кету түгілі, бесіктің бетін ашық қалдырмаған", "Не болып барамыз, қазағым-ау" деп жазды желі қолданушылары.

Бесікті үйіне алған әйел 4 баланың анасы. Ол артынша бесікті жуып, тазалап қойған видеосын жүктеген. 

Видеоға "Бетін жауып қойдым, кімге керек?" деп жазды.

Желі қолданушылары "Дұрыс, жарайсыз," "Нағыз ана екенсіз" деп оның бұл ісін қолдады.