11.08.2014, 09:20

Қызылорда облысы Қазақстан Республикасында АИТВ індетін жұқтырғандар ең аз тіркелген өңір

Сурет: pristalica.by

Қызылорда обылсы ВИЧ-инфекциясын жұқтыру деңгейі ең төмен өңір болып қала беруде, деп хабарлайды Bnews.kz

— Бүгінде өңірдегі эпиджағдай үрдісі былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Былтырдың өзінде тіркелу көрсеткіші көп болған жоқ. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында АИТВ індетін жұқтырған 8 адамды тіркедік. Биылжы жартыжылдықта – облыс бойынша 6 адам. Қызылорда облысы Қазақстан Республикасында АИТВ індетін жұқтырғандар ең аз тіркелген өңір болып табылады. Жалпы алғанда, елімізде дертті тіркеу науқаны басталғалы бері өңір бойынша 68 жағдай анықталды — дейді ЖИТС-тің (СПИД) алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қанат Шушаев.

Айта кету керек, өңірде тіркелген АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардың 5-еуі – әйел, біреуі – ер адам. Оның ішінде үшеуі 30 жастан асқан. АИТВ инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайында дерт жыныстық жолмен берілген. Әлеуметтік-кәсіби құрылымына қарай, олардың 3-еуі жұмыс істейді, 3-еуі – жұмыссыз.