Жұмысты бастаймыз.
Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуін өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастыратын боламыз», - деді Жұманғарин. БАҚ өкілі «уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?» деп нақтылады.
Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, - деп түсіндірді вице-премьер.
Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға 45 мыңнан астам қол жиналды. 50 мың дауыс жиналса, Үкімет петицияны қарауы керек.