$ 494.87  520.65  4.91

«Қылқындырып, гаражға асып қойған». Қостанайда әйелін өлтірген экс-лейтенант сотталды

Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйелін электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірді. Әрі қарай, жасалған қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында бұрынғы полиция қызметкері жұбайын өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық сотқа сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтірді деген айыппен сотқа тартылды.

Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйелін электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірді. Әрі қарай, жасалған қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде болды.

Сотталушы жасаған ісіне кінәсін мойындап, өкінішін білдірді.

Сот сотталушыны жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған "полиция аға лейтенанты" арнайы шеніненн айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары