Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйелін электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірді. Әрі қарай, жасалған қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысады.
Қостанай облысында бұрынғы полиция қызметкері жұбайын өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық сотқа сілтеме жасап.
Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтірді деген айыппен сотқа тартылды.
Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйелін электр ұзартқышпен қылқындырып өлтірді. Әрі қарай, жасалған қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде болды.
Сотталушы жасаған ісіне кінәсін мойындап, өкінішін білдірді.
Сот сотталушыны жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған "полиция аға лейтенанты" арнайы шеніненн айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.