Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.
Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.
"Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады", — деп жазды ТЖМ-нан.