06.06.2024, 18:20

Әншілер балағат сөздері бар әнді концертте орындай алмайды – Вице-министр

Фото: Pixabay

Продакшн компаниялары мұны қадағалауы керек.

Мәжіліс отырысы барысында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов концертте былапыт сөзі бар әндерді орындауға тыйым салу туралы заңдағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министр орынбасарының айтуынша, шараны ұйымдастырушы продакшн компаниялары мұны қадағалауы керек.

Заң жобасында балағат сөздер концертте орындалатын әндер болмауы керегі айтылған. Министрліктің бұйрығына сәйкес, әндерде балағат сөздер болса, концертте орындауға болмайды. Концерт ұйымдастыратын продакшн келісімшартта мұны жазуы керек, - деді ол.