$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда ер адам өртеніп кетті

Өрт кезінде 4 бөлмелі үйдегі заттар, жиһаздар, терезелер мен есіктердің жақтаулары жанған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, үйдің 63 жастағы иесі мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Қайғылы жағдай бүгін, 6 маусым күні Қарағандыдағы Столичная көшесінде болды. Өрт кезінде 4 бөлмелі үйдегі заттар, жиһаздар, терезелер мен есіктердің жақтаулары жанған. Жалын шарпыған аумақ 16 шаршы метрді құрап отыр.

«№7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы жүрекке массаж жасап, 1961 жылғы үй есінің есін жидырып алған. Ол Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, ер адам көз жұмды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері өртенген үйден газ баллонын алып шықты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары