$ 494.87  520.65  4.91

«Бір жылда көп нәрсе өзгереді»: Футболдан ұлттық құраманың жаңа бапкері жоспарымен бөлісті

Алғашқы екі ойынға қатыспаймын. Осы екі ойынды Руслан Балтиев қорытындылайды.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа қызметке келген соң алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен маусымда команда сәтті ойнады. УЕФА Ұлттар лигасының жаңа парағын бастаймыз. Ұлттық құрама Астанадан Алматыға көшеді, себебі стадионда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттермен сөйлескенімде айтқанымдай, ең басты міндет – өткен кезеңнен жақсырақ болу. Іргетасы қаланды, енді оны кірпішпен қалау керек. Шартты түрде қазақ футболының өркендеуіне мүмкіндік беретін белгілі бір жүйені құру қажет. Менің міндетіме ұлттық құрама емес, жастар мен жасөспірімдер құрамаларының дамыту да кіреді. Енді оларға да назар аудару қажет.

Мен командамен кездестім. Жаттықтырушылар штабымен сөйлестім. Бір жылда көп нәрсе өзгереді. Команданың әлеуеті өсуі керек, команда заманауи футбол көрсетуі қажет. Қаншалықты табысты болатынымызды уақыт көрсетеді.

Қазір біз федерация басшылығымен сөйлесіп, алғашқы екі ойынға қатыспаймын деп шештік. Барлығын жоспарлау керек. Себебі Арменияға ұшуға мүмкіндігім жоқ, өйткені мен бұл күндері ұлттық құраманы қабылдауды жоспарламаған едім. Мен Венгрияға ұшуды жоспарлап отырмын, ол жақта команданың Әзербайжанмен өтетін ойынын қараймын. Жаттығу жұмыстарына қатыспаймын. Осы екі ойынды Руслан Балтиев қорытындылайды",  - дейді Черчесов. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қазақстан – орыстілді мемлекет»: Станислав Черчесов неліктен Қазақстанға келді? 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары