$ 495.2  522.34  4.94

Жұмыс орнында қаза тапқан судьяның ұлы мемлекеттен 48 миллион теңге өндірді

Судья жоғары оқу орнында білім алатын ұлын жалғыз өзі тәрбиелеген.

Фото: vera.kz
Фото: vera.kz

Оралда қайтыс болған судьяның ұлы алғашқы сот шешімімен келіспей, аппеляция беріп, сот арқылы 48 млн теңге өндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орал қалалық сотының судьясы Нұрлан Ғұбашев 2023 жылы 10 наурыз күні қызмет барысында ес-түссіз құлап, жүрегі тоқтап қалғандықтан, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен еді.

Комиссия жазатайым оқиғаның оның еңбек қызметіне байланысты еместігін алға тартып, есепке жатпайды деген қорытындыға келген. Kazinform.kz  жазғанындай, бас еңбек инспекторы комиссияның шешімін дұрыс деп тапқан. 

Мұнымен келіспеген судьяның ұлы сотқа жүгінген. 

Сотта анықталғанындай, 1968 жылғы судья жоғары оқу орнында білім алатын ұлын жалғыз өзі тәрбиелеген. Талап арыз беруші әкесінің өлімі қызмет бабын атқару кезінде болған деп танып, соттан Н.Ғұбашевтің Орал қалалық тергеу сотының төрағасы қызметін атқарған кезіндегі айлық жалақысының алпыс еселенген көлемінде 48 млн 47,340 мың теңгені біржолғы өтемақы есебінде өндіруді өтінген. Судьяның айлық жалақысы 800 789 теңге болған.

Сотта жауап берген тергеу сотының қызметкерлері судья Н.Ғұбашевтің 10 наурыз күні материалды қарау кезінде сот шешімін шығару үшін кабинетіне кеткенін айтты. Нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу кезінде ол үстелге еңкейіп, қорылдап, сосын еденге құлап түскен. Сол бойда жедел жәрдем шақырылған. Келген дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Куәлар сол күні сотта өте үлкен жүктеме болғанын мәлімдеген. 

Істі қараған Орал қаласы №2 соты Нұрлан Ғұбашевтің өлімі қызметтік міндетін атқару кезінде болған деп танып, ұлының пайдасына БҚО сот әкімшілігі департаментінен 48 млн 47,340 мың теңгені өндіру жөнінде шешім шығарды.

Сот шешімі күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары