ТЖМ мамандары күн ыстық кезде балаларға ерекше назар аударып, «сақ болыңыздар» деп ескертеді.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылдың 8, 9 және 10 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жерорта теңізінен Қазақстанға өте жылы ауа ағыны келеді. Салдарынан облыстың басым бөлігінде термометрлер +27...+35, оңтүстікте +35...+42 градусқа дейін көтеріледі.
«Көптеген облыстарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Ыстықтың салдарын болдырмау үшін ҚР ТЖМ-ның ресми сайтында ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді.
ТЖД мамандары күн ыстық кезде балаларға ерекше назар аударып, «сақ болыңыздар» деп ескертеді.