$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға жеткілікті қол жиналды

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бірыңғай уақыт белдеуін алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойған. Заңға сәйкес, оны енді үкімет қарауы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін epetition.kz сайтында «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен петиция жарияланған болатын. Бүгін оған қол қойып, дауыс берген адамдардың саны 50 мыңға жетті.

Ал қолданыстағы заңға сәйкес, 50 мың дауыс жиналған петиция үкімет деңгейінде қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты. Он бес өңір жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа шегерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары