Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты.
Бірыңғай уақыт белдеуін алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойған. Заңға сәйкес, оны енді үкімет қарауы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін epetition.kz сайтында «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен петиция жарияланған болатын. Бүгін оған қол қойып, дауыс берген адамдардың саны 50 мыңға жетті.
Ал қолданыстағы заңға сәйкес, 50 мың дауыс жиналған петиция үкімет деңгейінде қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты. Он бес өңір жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа шегерді.