$ 485.11  523.82  5.02

Алқабилер ақтап шыққан: Прокуратура Кәрім Көкірекбаевты ақтау үкіміне наразылық енгізетін болды

Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Фото: Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы «Қазселденқорғау» мекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкіміне оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"07.06.2024 жылғы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа (Кәрім Көкірекбаев - ред) қатысты ақтау үкімін жариялады. 

Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі", - делінген хабарламада. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер «Қазселденқорғау» мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарады.

Алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен) К. өзіне тағылған айып бойынша ақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары