$ 478.96  533.03  5.22

Месси «Реалдың» әлемдегі ең үздік команда екенін мойындады

Еске салайық, 2023/24 жылғы маусымда мадридтік команда Испания чемпионы атанып, артынша Чемпиондар лигасын да жеңіп алды.

Фото: AFP 2023
Фото: AFP 2023

Әйгілі аргентиналық футболшы, «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең үздік футбол командасы деп өзіне ұзақ жыл бәсекелес болған мадридтік «Реалд» атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

«Ең үздігі – «Реал». Өйткені, олар Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы. Бұған дейінгі маусымдарда да олар өздерін «Манчестер Сити» секілді үздік футбол ұжымы ретінде көрсете алды.

Ал, егер ойын жағынан алатын болсақ, маған Пеп Гвардиоланың «Манчестер Ситиі» ұнайды. Гвардиола жаттықтыратын кез келген команда ерекше ойын мәнеріне ие болады, ол сонысымен мықты.

Сондықтан, ойын деңгейі бойынша ең үздігі – «Манчестер Сити», ал нәтиже жағынан – «Реал» клубы», - деді Месси.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары