Додаға 20 елдің атынан 21 спортшы шыққан болатын.
Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Александр Винокурортың ұлы топ жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап.
34 шақырым қашықтыққа созылған додаға 20 елдің атынан 21 спортшы шыққан болатын. Бұл сында ҚР құрамасында өткен жылғы Азия чемпионы Андрей Ремхе, сондай-ақ Николя Винокуров өнер көрсетті.
Нәтижесінде Николас ең жақсы нәтиже көрсеттіп, 45 минут 38 секундта бірінші болып келді. Алд күміс медал Ремхеге (45:41) бұйырса, қола жүлде Таиланд өкілі Тулаторна Сосаламның еншісіне жазылды. Оның көрсеткіші 46 минут 1 секундты құрады.
Мен тек жеңіске сендім. Бұл жарыса өткен жылы үздік болдым және соны қайталағым келді. Өкінішке орай, ол жоспарым орындалмады,- деді Андерс Андрей Ремхе.
Әкесінің жолын қайталап, маңызды жарыста үздік шыққан жас спортшы өзінің жетістігіне тоқталып өтті.
Мен өз жеңісіме ризамын, бәрі жоспар бойынша өтті. Жол ауыр және өте ұзақ. Оның үстіне күн де ыстық. Соған қарамастан мен қиындықтарды еңсеріп, бірінші болып келдім, - дейді Азия чемпионы Николя Винокуров.