$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды ​​маңында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

8 маусымға қараған түні Қарағанды ​​маңында үш көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Қызылорда-Павлодар тасжолының 931-шақырымында, Дубовка ауылының маңында болған. Сағат 22:23-те Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa көліктері соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті. Audi-дің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және Toyota Previa көлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

"Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол-қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертеді", - деп хабарлады полиция.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға түскендердің жағдайына қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, екі адам ауруханада ауыр халде жатыр. Қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары