Қарағанды облысында – найзағай болжанған, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
“Қазгидромет” РМК мамандары алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болатынын мәлімдеді. Республиканың кей аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, жел мен бұршақтың жаууы болжанған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, көптеген облыстарда температура 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін көтеріледі.
Ұлытау облысында – күндіз 35-38 градус қатты ыстық болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында – найзағай болжанған, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында – қатты жаңбыр жауын жауады деп болжануда. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Түркістан облысында – күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.
Павлодар облысында – қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде. Солтүстігінде, батыста, оңтүстікте найзағай, тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында – найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде.
Абай облысында – найзағай болжанған. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп болжануда. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысында – 40-43 градус қатты ыстық болады деп болжануда. Облыстың батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында – найзағай болады деп болжануда.
Ақтөбе облысында – облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында – облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында – облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталып, тұман болжануда.
Қостанай облысында – қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде батыста, облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ жауады.
Атырау облысында – облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Астанада – жаңбыр мен найзағай болжанған.