10.06.2024, 04:30

Қазақстандық спортшы Алматыдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Жекелей жарыс бойынша оған тең келетін ешкім болмады.

Велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Olympic.kz дерегінше, жекелей жарыс бойынша оған тең келетін ешкім болмады.

Екінші орын қазақстандық Дмитрий Груздевке бұйырды.

Айта кетейік, Рината Сұлтанова әйелдерге арналған бағдарламаның бұл түрінен үшінші орын алды.