10.06.2024, 11:20

12 жастағы бала ғана тірі қалды: Алматы облысында бес адам қаза тапты

Фото: Polisia.kz

Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бес адам көз жұмды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.

Nissan Primera жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұған дейін Қарағанды облысынада жол апатынан бес адамның қаза тапқанын жазған едік.