$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылатын болды

Порталдағы қаулыға сәйкес, қосымша ретінде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру жөніндегі шарт берілген.

Фото: assembly.kz
Фото: assembly.kz

Ашық НҚА порталында «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заңды мәжілістің қарауына енгізу туралы үкімет қаулысы жарияланды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Порталдағы қаулыға сәйкес, қосымша ретінде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру жөніндегі шарт берілген.

Бұл шартқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейдің бірінші басшылары биылғы қаңтарда қол қойған еді.

Құжатта халықаралық ұйымның қандай жұмыстармен айналысатыны және қалай қаржыландырылатыны жазылған. Мұның негізінде ұйым оған мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үлестік жарнаның мөлшері құжатта нақтыланбаған.

Айта кетейік, ұйымның ресми және жұмыс тілі – орыс тілі. Ұйымды бас хатшы басқарса, ал хатшылық Ресей Федерациясының Сочи қаласында орналаспақ.

Еске салайық, 16 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуінде тіл мәселесіне қатысты өз ұстанымын айтып, орыс тілі Конституцияға сәйкес мемлекеттік тілмен тең қолданылатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары