Астана әкімдігі мектептеріндегі орыс тілді сыныптарды кезең-кезеңмен қазақ тілді сыныптарға айналдырмақ. Бұл ата-аналардың ұсынысымен жүзеге асқалы отырған жаңа жүйе екен деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Қазақтың саны өсіп жатқанда, қазақ мектебінде орыс сыныптарын ашу кімге қажет? Астанада нөмірі 77 мектептің ата-аналары шу шығарып, білім басқармасының бастамасына қарсылықтарын білдірді. Наразы топ елордадағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын жалғыз білім ордасына орыс тілінің араласуын қаламаймыз деп отыр.
Сенат депутаты, ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева өзінің депутаттық сауалын не үшін орыс тілінде жолдағанын түсіндірді деп жазады Tengrinews.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде шу шықты. Өңірге танымал журналист Мұратхан Кенжеханұлының «Өскемен қашан рухани жаңғырады» деген мақаласынан кейін оның соңына басшысы шам алып түскен көрінеді. Ақыры сөгіс беріп тыныпты. Бұл туралы журналистің өзі Facebook әлеуметтік желісіне жазды.
Шымкентте жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалының ғимаратында болып, диаспора өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өзге тақырыптармен бірге қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі де көтерілді.
Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары қалада орысша білім беретін мектептердің аз екенін айтып шағымдануда. Бұл туралы жергілікті «Отырар» телеарнасы хабарлап отыр.
Биыл ақпан айының басында Алматыда өткен жиындардың бірінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы орысша талап-арызға қазақ тілінде жауап берген мемқызметкерлерді жұмыстан қуу керектігін айтқан болатын. Президенттің бұл сөзі артынша әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Бүгін Алматыдағы Универсиада нысандарын аралап көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Ел президенті Қазақстанның тек көпұлтты емес, сондай-ақ көптілді ел екенін де атап өтті.