$ 480.63  535.13  5.27

Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті

Америкалық бапкер 1997 жылы АҚШ Ұлттық Олимпиада комитетінің "Жылдың үздік жаттықтырушысы" сыйлығын жеңіп алған.

Фото: Toyota Sports Center: UGC
Фото: Toyota Sports Center: UGC

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді жаттықтырған америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кэрролл Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лайсачекті, бес дүркін әлем чемпионы Мишель Кванды және екі дүркін әлем чемпионы Линда Фратианиді жаттықтырды. Одан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де тәлім алды. Америкалық бапкер 1997 жылы АҚШ Ұлттық Олимпиада комитетінің "Жылдың үздік жаттықтырушысы" сыйлығын жеңіп алған, деп жазады kaz.nur.kz.

Сондай-ақ ол 2007 жылы әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының Даңқ залына енгізілді. Маман 2018 жылы бапкерлік мансабын аяқтаған болатын.

Еске салайық, қазақстандық мәнерлеп сырғанушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылы Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары