Тауып аламыз, өлтіреміз деп қорқытады.
Шешенстандық кәсіпқой боксшы Аминат Елбукаеваны Швейцарияда белгісіз біреулер соққыға жықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы спортшының құрбысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
Оның айтуынша, жабылып ұрған ер адамдардың саны – бесеу. Олар спортшыны ұрып болғаннан кейін шешен блогерінің сәлемдемесін жолдаған.
Ол жерлестері тарапынан үнемі осындай қоқан-лоққыға тап болып жүреді. Бәрі әдеттегідей тауып аламыз, өлтіреміз деп қорқытады. Өйткені ол әйелдерге сай келмейтін спортпен айналысып, шорты кигені үшін кінәлі екен. Ал, еркетер қысқа шорты киіп, қан кеткенше жұдырықтасып жүр. Оларды, керісінше, миллиондаған жанкүйері кумир санайды. Бірақ әйелдерге болмайды екен. Аминатқа бес жігіт артынан келіп шабуыл жасайды. Әрқайсысы аяқпен тепкілейді. Одан кейін блогер Қасымның атынан сәлем жолдаған, - дейді құрбысы Лила Шейк.
Спортшының өзі видео жариялап, шабуыл жасағандарға үндеу жасады.
Бесеуің де менің алдымда осы өмірде де, ана өмірде де жауап бересіңдер. Кейін шағымданып жүрмеңдер, өңшең қорқақтар. Қазір өздеріңді еркекке тән іс бітірдім деп ойлап отырған шығарсыңдар? Бұл жайтқа қатысты билікке шағымданамын, - деді бойжеткен.
Аминат бұған ұлтаралық мәселені араластырмауды сұрады.
Мен боксшы болғаным үшін ғана соққыға жығылдым. Ислам, шешен дәстүрі мен шешен жігіттерінің бұған қатысы жоқ. Қазір бұл менің отбасымның ісі. Шабуылдағандар өз әрекетіне толық жауап береді, - деп қосты боксшы қыз.
Аминаттың сөзінше, өзін ұрып-соққан бесеудің үшеуі Швейцариядан кетпек болғанда ұсталған.