11.06.2024, 02:30

Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингісінде көш бастады

Фото: Теннис федерациясы

15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді.

Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді.

Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.