$ 471.83  505.66  5.4

«Дивизионға жаңа адамдар керек»: Қазақстандық файтер UFC-ге үндеу жасады (ВИДЕО)

Бұл компанияның ең танымал файтерлерінің бірі – UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор.

Фото: instagram.com/alibi_idiris
Фото: instagram.com/alibi_idiris

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC промоушенінің матчмейкері Мик Мейнардқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Эй, Мик, менің салмағымдағы дивизионға жаңа адамдар керек. Мен кез келген уақытта, кез келген жерде дайынмын. Сендерге Орталық Азиядан жанкүйердің үлкен базасын апара аламын. Америкалық жанкүйерлерге менің жекпе-жегім ұнайтынына сенімдімін. Маған қалай хабарласу керек екенін білесің», - деп жазды Әліби Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салсақ, Әліби Ыдырыс Paradigm Sports промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған еді. Бұл компанияның ең танымал файтерлерінің бірі – UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор.

 Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Сантоса де Азеведоны нокаутпен жеңген еді. Қазір Әлібидің MMA-дағы рекорды – 10-0.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары