Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз.
Бағдат Мусин жаңа қызметі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-министр бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ — негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз», — деп жазды ол.
Еске салсақ, бұған дейін Бағдат Мусиннің «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғанын жазған едік.