$ 471.46  504.79  5.53

Батыс Қазақстанда аутизмі бар жігіт бес күннен бері табылмай жатыр

Оның бойы 180 сантиметр, арық келген.

Фото: БҚО ПД
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында бес күннен бері аутизмі бар жігіт табылмай жатыр деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылының тұрғыны 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусым күні үйінен шығып, қайтып оралмаған. 

Жоғалған күні Игорьдің үстінде қара футболка, ашық көк шорт, аяғына көк кроссовка киген. Оның бойы 180 сантиметр, арық келген. Шашы ақшыл, қысқа.

Қазіргі уақытта Игорьді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары