Ал болған жағдайдан кейін мен 10 күн жүгіре алмай қалдым.
Respublica партиясының депутаты Айтуар Қошмамбет жол апатына түсіп, жарақат алған. Алайда оны оқыс жағдай емес, Яндекс такси қызметінің жол апатынан кейінгі реакциясы қайран қалдырған. Депутат әлеуметтік желідегі парақшасында болған оқиғаға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап.
“Осыдан бір апта бұрын жолға шықпақ болып такси қызметін пайдаланып, жол апатына түсітм. Суреттегі қара автокөліктің артқы жағында отырған едім. Екі көліктің де қауіпсіздік жастықшалары іске қосылды. Өзім жарақат алып, жедел жәрдем шақырдым. Болған жағдайдан бұрым мен Yandex-тің реакциясы таңғалдырды. Маған қолдау қызметінен бір қыз хабарласып, сақтандыру ақшасын алу үшін қажетті құжаттар тізімін айта бастады. Ең алдымен Мемлекеттік жолда жүру қауіпсіздік инспекциясына хабарласуға кеңес берді”, – деп жазды Айтуар Қошмамбет.
Депутаттың қазіргі жағдайы жақсы. Жұмсақ тіндер мен тізесінен соққы алған. Айтуынша, жол апатынан 3-4 күндей ақсап жүрген. Қазір де ем алып жүрген көрінеді.
“Қазақстанда миллиондаған клиенттеріне қарамастан, ең ірі такси қосымшасының call-орталығы Ресей Федерациясында орналасқаны белгілі болды. Мен Қазақстандағы бөлімше қызметкерлерінің хабарласуын талап еттім. Бірақ олар маған бірнеше сағаттан кейін қоңырау шалды. Сол уақыт арасында екі тілде сөйлейтін қызметкер іздеген көрінеді. Жол апатынан кейін маған олар маған 8000 теңгеге промокод берді. Ал болған жағдайдан кейін мен 10 күн жүргіре алмай қалдым. “Қазақмыс” сақтандыру компаниясы маған бақандай 6250 теңге сақтандыру төлемін жасады. Бірақ мен одан бас тарттым”, – дейді депутат.
Айтуар Қошмамбет компания клиенттерне немқұрайлы қарайтынын, сондай-ақ такси қызметін қолданатын адамдарды құқығы қорғалмағанын атап өтті.