$ 471.83  505.66  5.4

Байқоңырдағы ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған турист ыстыққа шыдамай көз жұмды

Екі француз "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Францияның екі азаматы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz  сайтының жазуынша, жолда аптап ыстықтан олардың бірінің жағдайы нашарлап, мерт болды.

Екі француз "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген. 

Бір күн бұрын Францияның екі азаматы ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысты. Олар көздеген нысандарына жол арқылы жетуге шешкен. Алайда жолда біреуінің жағдайы күрт нашарлады, - делінген жазбаларда.

Екінші француз досына көмек шақыру үшін жолға қарай жүгірген. Алайда бұл кезде оның досы қатты шөл қысып мерт болған.

Деректерге сүйенсек, Байқоңырда бұл кезде ауа температурасы +36 градус болған.

Бұған дейін де Байқоңырға туристер бірнеше рет заңсыз кіруге тырысқан. Олардың мақсаты — "Буран" ғарыш кемесін көру. 2022 жылдың мамырында №112 ұшыру алаңының жанында Ұлыбритания азаматы Бенджамин Рич пен Беларусь азаматы Алина Зелупа, ал 2023 жылдың қыркүйегінде Испаниядан келген үш турист ұсталды.

Ұсталған жағдайда туристерге әкімшілік айыппұл салынады. Ал бұл екі француздық ғимаратқа кіруге тырыспаған тек суретке түсіруді көздеген. Дегенмен жағдай қайғылы оқиғамен аяқталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары