$ 494.87  520.65  4.91

Қазгидромет қай өңірлерде өрт қаупі бар екенін жариялады

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен бірге біршама өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Еліміздің шығысында – қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, - деп хабарлады Қазгидромет РМК синоптиктері.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан,  Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында,  Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ведомство ақпараты бойынша, бүгін Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде таңертең және түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соқса, күндіз оңтүстікте, батыста, шығыста оның жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетпек. Дегенмен күндіз облыс бойынша +39 градус аптап күтіледі. Осыған байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с болса, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды.Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі және солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деген болжам бар. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, батыста, оңтүстікте, солтүстік-шығыста әрі орталықта жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде +40 градус қапырық ыстық сақталады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғып, найзағай кезінде оның екпіні 17-22 м/с жетуі ықтимал. Қызылорда облысында болса солтүстік-шығыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың орталығы мен шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының да басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың батысында +37 градусқа қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі жарияланған, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында күн +35 градусқа дейін ысиды. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде болса түнде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады әрі дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы, солтүстігі, орталығында оның екпіні 15-20 м/с, ал күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары