$ 476.27  515.47  5.41

Бишімбаев ісіне қатысты аппеляциялық соттың қашан өтетіні белгілі болды

Сот үкімінің күшін жоюды сұраған.

Фото: tengrinews.kz коллажы
Фото: tengrinews.kz коллажы

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың мәліметінше, үкім жарияланғаннан кейін сотталушылар мен олардың қорғаушыларынан заңмен белгіленген мерзімде үкімге қарсы шағымдар келіп түскен. 10 маусымда Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына жіберілді.

Олар апелляциялық шағымдарында Б. Байжановты оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ. Бишімбаевқа қатысты тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекеттерін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұрады,  – делінген сот хабарламасында.

Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Сот отырысы Астана қаласы Ғ.Әлиев көшесі, 6 мекенжайы бойынша сот ғимаратында өтпек.

Еске салсақ, бұған дейін жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Бишімбаевтің ісіне қатысты аппеляциялық сот алқабилердің үкімін жоққа шығара алмайтыны туралы айтқан еді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары